Басты жаңалықтар

Түркістан облысы бос жұмыс орындары бойынша көшбасшылар қатарында

2026 жылғы ақпан айында жұмыс берушілер Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында шамамен 99 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырды ,деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жұмыс күшіне сұраныс негізінен әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторында сақталуда:

  • білім беру – 26,9 мың бос жұмыс орны;
  • өзге де қызметтер – 14,6 мың;
  •  денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 9,4 мың;
  •  өңдеу өнеркәсібі – 8,6 мың.

Қандай мамандарға сұраныс жоғары?

Бос жұмыс орындарының біліктілік құрылымы:

  • 44,2% – орта біліктілікті;
  •  34,4% – жоғары білікті мамандар;
  • 21,4% – біліктілігі жоқ.

Өңірлер бойынша бос жұмыс орындары ең көп тіркелген аймақтар:
Павлодар облысы – 8,1 мың;
Астана қаласы – 7,8 мың;
Түркістан облысы – 7,4 мың;
Қарағанды облысы – 6,6 мың;
Алматы қаласы – 6,3 мың.

Жұмыс іздеуде ең белсенді өңір тұрғындары:

  • Түркістан облысы – 16,8 мың түйіндеме;
  • Астана қаласы – 10,2 мың;
  • Алматы облысы – 9,5 мың;
  • Алматы қаласы – 9,2 мың.

Жұмыс іздеушілердің ең белсенді санаты – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың үлесі 42,3%-ды құрайды.

Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы:

  • мұнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер-әзірлеуші – шамамен 3,6 млн теңге;
  • құрылыс саласындағы жобаның бас технологы – шамамен 2,8 млн теңге;

Ең жоғары жалақы күтетін жұмыс іздеушілер:

  • материалтану жөніндегі техник – шамамен 2,2 млн теңге
  •  ұшқыштар – шамамен 3,3 млн теңге;
  • инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар – шамамен 2,1 млн теңге;
  • оқу курстарын әзірлеушілер – шамамен 2 млн теңге.

Жалпы алғанда, ақпан айында еңбек нарығындағы белсенділік жыл басымен салыстырғанда аздап төмендеді. Сонымен қатар сұраныс құрылымы тұрақты болып отыр. Жұмыс берушілер бұрынғыдай әлеуметтік сала, қызмет көрсету және жұмысшы мамандықтары бойынша мамандарға мұқтаж.

Басқа жаңалықтар

Back to top button