Ордабасыда 250 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр

Ордабасы ауданына қарасты Бадам елді мекенінде 250 орындық мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы құны 588,7 миллион теңгені құрайтын нысанды биыл пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Құрылыс жұмыстарын «ST-Service KZ» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Жалпы аумағы 1 гектар жерді алып жатқан ғимараттың құрылыс алаңы 959 шаршы метрді құрайды. Екі қабатты нысан заманауи талаптарға сай салынып жатыр. Жоба бойынша мәдениет үйі 250 орынға лайықталған. Бірінші қабатта кең әрі жарық концерт залы, сахна, асхана орналасады. Ал екінші қабатта кітапхана, сурет үйірмесіне арналған арнайы бөлме және әкімшілік кабинеттер қарастырылған.

Мәдениет үйінде енді ауыл тұрғындары түрлі мәдени іс-шаралар мен мерекелік жиындарды өткізе алады. Аталған жоба — ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді жұмыстардың бірі. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Бадам елді мекенінде мәдени іс-шараларды өткізу мүмкіндігі кеңейеді.



