Басты жаңалықтарКүндерек

Түркістандық «Тұран» футбол клубы 1 миллион теңгеге сатылымға шықты

Түркістан облысының «Тұран» футбол клубы сатылымға шықты, деп хабарлайды turkistanlife.kz

фото кескін: sauda.e-qazyna.kz

фото кескін: sauda.e-qazyna.kz

Мемлекет теңгеріміндегі активтің бастапқы бағасы 1 миллион теңгеден сәл ғана асады. Электрондық сауда порталындағы аукцион 3 наурызға жоспарланған.

Жаңа иеленуші алдағы 10 жыл бойы клубтың бейінін сақтап, штат санын қысқартпауы тиіс. Сондай-ақ, инвестиция салу, жасөспірімдер академиясы мен әйелдер командасын құру, меншікті базамен қамтамасыз ету міндеттемелері қоса беріледі.

Шарт бойынша, 2027 жылдан бастап клуб Қазақстан Премьер-лигасында тұрақты өнер көрсетуі шарт. Клубты сенімгерлік басқаруға беруге немесе үшінші тұлғаға сатуға тыйым салынған.

Аукционға қатысу үшін үміткерлер 158 мың теңге көлемінде кепілдік жарна төлеуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button