Басты жаңалықтар

Түркістан төрінде «Пейіш» спектаклінің премьерасы өтті

Түркістан музыкалық драма театры өзінің репертуарын рухани маңызы зор тағы бір туындымен толықтырды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Сахналанған «Пейіш» спектаклі алғашқы көрсетілімінен-ақ көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады. Спектакль танымал қырғыз режиссері Руслан Акуннің «Жұмақ» («Бейиш») фильмі желісінде сахналанған. Қойылымның негізгі идеясы — адам жанының тазалығы, анаға деген шексіз махаббат және мөлдір сенім. Режиссері — Әли Бидахмет, инсценировка авторы — Қазбек Аманжол.

Қойылымның сәтті шығуына кәсіби актерлік құрам мен сахналық шешімдер үлкен үлес қосқан. Мысалы, басты рөлдерде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Нөгербек пен Гүлмира Жакилина ойнайды. Осы арқылы, театр өнерпаздары ана мен бала арасындағы нәзік байланысты, құрбандық пен мейірімнің биік парасатын көрерменге шынайы жеткізе білген.

Бұл туынды тек театр өнерінің құндылығын ғана емес, сонымен қатар заманауи қоғамдағы рухани құндылықтарды жаңғыртатын мазмұнды жоба. Идеялық тұрғыдан бай, визуалды тұрғыдан әсем қойылым Түркістанның мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналды деп баға берді көрермендер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button