Басты жаңалықтар

Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада-2026 ойындарының чемпионы

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан XXV Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи жеңіске қол жеткізді ,деп хабарлайды turkistanlife.kz

Отандасымыз еркін бағдарламада 198.64 ұпай жинап, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291.58 ұпаймен қарсыластарынан озып, Олимпиада чемпионы атанды. Милан мұз айдынында көк Туымыз көкке көтеріліп, Әнұранымыз асқақтай шырқалды.

Күміс жүлдені жапониялық Юма Кагияма (280.06 ұпай) иеленсе, қола медальді тағы бір жапониялық спортшы Шун Сато (274.90 ұпай) жеңіп алды.

Бұл — Қазақстан үшін 1994 жылдан кейінгі Қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен тұңғыш Олимпиада алтыны ретінде тарихқа енді.

Айта кетейік, 2014 жылы Ресейде өткен Қысқы Олимпиадада Денис Тен қола жүлдеге қол жеткізген еді. Енді, міне, 12 жыл араға салып, ұлттық құрама спортшысы ел қоржынына алтын жүлде салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button