Басты жаңалықтар

Астанада Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайым Мұхамедхановтың мерейтойына орай жиын өтті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияда тұлғаның қазақ ғылымы мен әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі талқыланды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Іс-шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, алаштанушы ғалымдар, сонымен қатар Әзербайжан, Башқұртстан және Татарстан ғалымдары, кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты. Конференция аясында ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасын таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұсынылды.

Сонымен қатар абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар жасады.

Қатысушылар ғалымның шығармашылық мұрасын жан-жақты зерттеу, қазіргі гуманитарлық ғылыммен сабақтастыру, жас зерттеушілерге архивтік деректер мен қолжазбалармен жұмыс істеу тәжірибесін үйрету мәселелерін талқылады.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button