Басты жаңалықтар

«Қазақконцертте» «Конституция – тәуелсіздік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымында жаңа Конституция жобасына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Іс-шара барысында конституциялық өзгерістердің ел дамуына серпін беріп, құқықтық мемлекетті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталғаны айтылды. Сондай-ақ білім, ғылым, мәдениет және инновацияның қоғамдағы рөліне назар аударылды.

Қатысушылар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен шығармашылық әлеуетті дамыту мәселелерін көтеріп, алдағы референдумның маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысында жаңа Конституцияны қолдау және азаматтардың референдумға белсенді қатысу қажеттігі айтылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button