Басты жаңалықтар
Түркістанда 1 000 МВт электр станциясы бой көтеріп жатыр
Түркістан облысының Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бу-газ электр станциясы салынып жатыр. Қазір жобаның құрылыс жұмыстары мен алдағы кезеңдері пысықталды.

Станция құрылысының барысы облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың қатысуымен өткен жиында қаралды. Онда құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі жағдайы, жұмыс кестесі және алдағы жоспарлар талқыланды.
Жиында құрылыс кезінде туындауы мүмкін кедергілер де назардан тыс қалмады. Олардың алдын алу, жауапты ұйымдардың жұмысын үйлестіру және қажетті мәселелерді жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу жолдары қарастырылды.
Еркебұлан Дауылбаев станцияның өңірдің энергетикалық тұрақтылығы үшін маңызды екенін атап өтті.
Фото: ЖИ



