Басты жаңалықтар

Заты қой, бағасы түйе

Түркістанда қой етінің бағасы шарықтап кетті.

Түркістан облысында қой етінің бағасы рекордтық деңгейге жетті. Қазір базарлар мен дүкендерде қой етінің бір киллограмы сиыр мен жылқы етінен де қымбат сатылып жатыр.

Соңғы 3-4 аптаның ішінде қой етінің бағасы күрт өсіп, қазір 4000-4300 теңге аралығында тұрақтап тұр.

Салыстырмалы түрде айтсақ, сиыр еті 3700 теңге болса, жылқы еті 3500 теңге.

Түркістан, «Қуаныш базары» ет павильоны

Бұрын ең арзан ет саналып келген қой етінің биыл «алтынға» балануы тұрғындарды таңғалдырып отыр. Жергілікті қасапшылардың айтуынша, бағаның өсуі соңғы бір айда қатты байқалған.

«Соңғы 3-4 аптада қой етінің құны тоқтаусыз көтеріліп жатыр. Қазір қой алудың өзі қиындап кетті», — дейді сатушылар.

Қызығы сонда, бұдан дәл бір жыл бұрын нарықта сиыр етінің бағасы қымбаттап, жұртты әбігерге салған еді. Биыл кезек қой етіне келген сыңайлы.

Қалай болғанда да, Түркістан дастарханындағы ең танымал ет түрі енді деликатеске айналып бара жатқандай.

Ал сіздің өңіріңізде ет бағасы қандай?

Басқа жаңалықтар

Back to top button