Басты жаңалықтар

Отырар ауданында жүгері ору науқаны қызып жатыр

Отырар ауданында биылғы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл аудан көлемінде жалпы 72 900 гектар алқапқа егін егілсе, оның ішінде 12 173 гектар жерді жүгері дақылы құрайды.

Қазіргі таңда шаруалар үшін ең жауапты науқан – жүгері ору жұмыстары басталды. Диқан қауым егістікті уақытылы әрі ысырапсыз жинап, өнімді қамбаға түсіруге бар күшін салуда. Науқанға қажетті ауыл шаруашылығы техникалары толығымен жұмылдырылып, барлық жұмыстар белгіленген агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп жатыр.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшін жүгері өндірісінің орны ерекше. Бұл дақылдың жоғары өнім беруі шаруалардың табысын арттыруға, сапалы мал азығы қорын толықтыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға тікелей ықпал етеді.

Берекелі еңбектің нәтижесі болған мол өнімді ысырапсыз жинап, ел ырысын еселеу – басты міндет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button