Басты жаңалықтар
Алтын Түркістанда қалды

Түркістан қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында жергілікті спортшы Жанасыл Арапбай ел чемпионы атанды.
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде 107 келіні, серпе көтеруде 147 келіні еңсерді. Қоссайыс қорытындысында 254 келі көтеріп, алтын медаль жеңіп алды.

Ал 60 келіге дейінгі салмақта Түркістан облысының тағы бір өкілі Бекарыс Тұрғанбай қоссайыста 208 келі көтеріп, чемпионаттың қола жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, ел біріншілігіне Қазақстанның 13 өңірінен келген жас зілтеміршілер қатысуда.



