Басты жаңалықтар

200 мың туристке арналған аквапарк

Жаздың аптабында Түркістанда қандай жаңа демалыс орны ашылатынын білесіз бе?

Қалада жылына 200 мың адамды қабылдайтын «Turan» аквапаркі қарқынды салынып жатыр. Жоба іске қосылғанда өңірдің туризм әлеуетін арттырып, ондаған жаңа жұмыс орнын ашады.


Түркістанда туризмді дамытуға бағытталған ең ірі жобалардың бірі – «Turan» аквапарк-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқын алды.

Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс алаңына барып, жұмыстың барысын бақылады. Мердігерлермен кездесуде құрылыс қарқыны, сапасы, қауіпсіздік талаптары және алдағы жоспарлар талқыланды.


Қазір нысанда 160 жұмысшы еңбек етіп жатыр. 11,7 гектар аумақты қамтитын жоба үш кезеңмен жүзеге асады. Алғашқы кезеңде қабылдау аймағы, киім ауыстыратын бөлмелер, бассейндер, су аттракциондары және айналмалы аквапарк пайдалануға беріледі.

Жоба толық аяқталған кезде кешен жылына 200 мыңға дейін келушіні қабылдай алады. Кейінгі кезеңдерде қонақүй, мейрамхана, отбасылық демалыс аймақтары, алып толқын бассейндері мен заманауи су аттракциондары салынады.


Сонымен қатар кешен іске қосылған соң 67 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.


Қала әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, жобаның әр кезеңін белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button