Басты жаңалықтар

Орақтың қызған шағы басталды

Сайрамда 18 мың тонна астық жиналды.

Сайрам ауданында орақ науқаны қызған шаққа жетті. Диқандар осы уақытқа дейін 10 мың гектардан астам бидайды орып, қамбаға 18 мың тонна өнім құйды. Қазір егін жинау жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр.

Биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 52 800 гектар жерге егілген. Оның 14 600 гектарын бидай алқабы құрайды.


Қазіргі таңда бидайдың 10 100 гектары орылып, әр гектардан орта есеппен 18 центнерден өнім алынған. Осылайша орақ науқанының орындалу деңгейі 69,2 пайызға жетті.

Арпа жинау науқаны толық аяқталды. 3 600 гектар алқаптан гектарына орта есеппен 16 центнерден өнім жиналып, жалпы 5 760 тонна астық бастырылды.


Қазір ауданда орақ жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жалғасып, жиналған өнімді сақтау мен тасымалдау қатар жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button