Басты жаңалықтар

Қысқа дайындық басталып кетті

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын мектептердің қысқа дайындығы қыза түсті.

Түркістан облысында білім беру ұйымдарын жылыту маусымына әзірлеу жұмыстары басталып, қажетті шаралар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.


Облыстағы 1310 білім беру нысаны жылу жүйесінің дайындығын тексеруден өткізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға қажетті қаржы бөлініп, гидравликалық сынақ жүргізілуде.


Қатты отынмен жылытылатын 352 мектепке қажет 73,1 мың тоннадан астам көмірді жеткізетін мердігерлер анықталып, келісімшарттар жасалған. Жоспарға сәйкес көмірдің барлығы 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі.

Ал сұйық отын пайдаланатын мектептерге қажетті 3667,4 тонна жанармай қоймалардың сыйымдылығына қарай кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр.

Облыстағы 860 білім беру мекемесі табиғи газбен жылытылады. Жылу маусымы басталған кезде олар автоматты түрде жылуға қосылады.


Сонымен қатар 110 білім беру нысанын, оның ішінде 82 мектеп, 26 балабақша және 2 мектептен тыс мекемені табиғи газға көшіру жұмыстары қолға алынған. Бұл жылу жүйесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің тапсырмасымен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылы мен алдағы қысқа дайындығы тұрақты бақылауда. Дайындық жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button