Түркістан облысында Республика күніне орай 120-дан астам ауқымды іс-шара өтеді

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – Республика күні қарсаңында Түркістан облысында 120-дан астам мәдени, спорттық және әлеуметтік маңызы бар іс-шара ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама үш күнге созылып, өңір тұрғындары мен қонақтарына арналған сан алуан шараларды қамтиды.
Мерекелік апталықтың маңызды тұстары мен күнтізбесі төмендегідей:
📅 23 қазан күні өтетін негізгі шаралар:
• Жаңа перзентхана: 80 орындық Шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахаян атындағы жаңа перзентхана есігін ашады.
• Салтанатты жиын: Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтеді.
• Ғылыми отырыс: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Қазақстан Республикасы: Егеменді даму және жаңғыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
• Мерекелік концерт: Тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Жайнай бер, Түркістан!» атты үлкен гала-концерт өтеді.
📅 24 қазан күні өтетін шаралар:
• Экологиялық бастама: «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Turkistan Marathon – 2026» қатысушыларының қатысуымен ағаш отырғызу акциясы өтіп, отандық және шетелдік спортшылар үлес қосады.
• Ғылыми конференция: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ қабырғасында «Қазақстан мемлекеттілігі: тарихи сабақтастық, конституциялық құндылықтар және жастар жауапкершілігі» тақырыбында конференция өтеді.
📅 25 қазан – Республика күніне арналған басты шаралар:
• Ту көтеру рәсімі: Елдің басты рәмізі – ҚР Мемлекеттік Туын көтерудің салтанатты рәсімі өтеді.
• Жаңа спорт нысаны: Сарыағаш қаласында күрделі жөндеуден өткен орталық стадион пайдалануға беріледі.
• Марафон бәсекесі: Түркістан қаласында көпшіліктің асыға күткен «Turkistan Marathon – 2026» ауқымды халықаралық бұқаралық марафоны өтеді.
«Бірлік пен даму жолында!» ұранымен өтетін бұл мерекелік апталық өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларға ұласпақ. Барша тұрғындарды ел бірлігін паш ететін игі іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз!



