Басты жаңалықтар

Түркістан тәжірибесі – өңірлерге үлгі

Түркістан облысында қолға алынған шағын өндірістік парктер енді басқа облыстарға да енгізілмек. Бұл бастама Қанат Бозымбаев тапсырмасымен жүзеге асып жатыр.


Жақында осы тәжірибені көру үшін Батыс Қазақстан облысы-нан делегация келіп, өңірдегі өндірістік нысандарды аралап шықты. Олар Сауран ауданындағы «SAURAN» паркінде болып, кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар Түркістан қаласындағы жаңа өндіріс орындарының құрылысын да көрді.


Қазір облыс бойынша 25 өндірістік алаң салынып жатыр. Барлығы 258 ғимарат жоспарланған, соның 120-сы дайын.


Нәтиже де бар: өткен жылы осы жобалар арқылы 27 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Яғни, бұрын сырттан алатын тауарларды өзіміз өндіре бастадық.


Мысалы:

– UBC Group – тоңазытқыш

– Aqniet Holding – жиһаз

– BNK Group – суару жүйелері


Қысқасы, Түркістан тек туризм емес, өндіріс жағынан да қарқын алып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button