Басты жаңалықтар

Тұрғындар сұраған жол жаңарды

Арыс қаласына қарасты Қаражантақ ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Тұрғындар бірнеше рет көтерген мәселе оң шешімін тауып, облыстық бюджет есебінен ұзындығы 6,6 шақырым болатын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жүргізілуде.

Жол мәселесі Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараевтың тұрғындармен кездесулерінде бірнеше рет көтерілген болатын. Елді мекен тұрғындарының өтініші ескеріліп, қажетті қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Қазір жолдағы негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу кезеңіне жетті.

Жаңартылған жол Қаражантақ тұрғындарының қатынасын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға әрі ауылдың көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаражантақта соңғы жылдары тұрғындардың сұранысына сай бірнеше инфрақұрылымдық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, Ақжусан көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылып, №1 көшеге қиыршық тас төселді. Сондай-ақ балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді, ал қазір елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасып жатыр.

Өңірде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде ауылдардың инженерлік және жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button