Тегін екпе жалғасуда

Түркістан облысында жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған вакцинация тұрақты жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында тұрғындарды жұқпалы аурулардан қорғау жұмыстары жалғасуда. Өңірде жоспарлы және жедел екпелер тегін салынып, 11 инфекциялық аурудың алдын алу шаралары жүргізілуде.
Вакцина туберкулез, вирусты гепатит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, полиомиелит, эпидемиялық паротит және адам папилломасы вирусына қарсы егіледі. Барлық екпе тұрғындарға тіркелген емханаларда тегін жасалады.

Облыста МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жұмыстары да күшейтілген. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылған.
Маусым-шілде айларында мемлекеттік медициналық ұйымдарға 28 719, жекеменшік ұйымдарға 6 086 азамат жүгінген. Ал жыл басынан бері өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметіне 58 244 адам жүгінді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров медицина саласына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын және тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.



