Басты жаңалықтар

687 адам күн сайын Түркістан үшін еңбек етуде

Түркістан көшелерінде күн сайын жүздеген адам мен ондаған арнайы техника жұмыс істеп жүр. Бірі ағаштарды суарса, енді бірі көшелерді тазалап, гүлзарларды күтіп-баптауда.

Қалада қандай ауқымды жұмыс жүріп жатыр?

Түркістанда жасыл желекті сақтау мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жаңа қарқын алды. Қаладағы ағаштар мен көгалдар тұрақты суарылып, тал түптері әктеліп, минералды тыңайтқыштар мен арнайы препараттар енгізілуде.


Қазір қалада 1 487 680 түп ағаш пен бұта, 9,1 гектар гүлзар және 345 гектар көгал тұрақты күтіммен қамтылған. Жалпы күтім жасалатын аумақ 303 нысанды, яғни 789 гектарды құрайды.

Бұл жұмыстарға күн сайын 26 арнайы суару техникасы мен 687 жұмысшы жұмылдырылған. Олар жасыл желекті суарумен қатар агротехникалық күтім жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.

Қала тазалығы тұрақты бақылауда. Түркістандағы 875 көшенің санитарлық жағдайы бекітілген кесте бойынша қамтамасыз етіледі: 30 көше күн сайын, 120 көше аптасына үш рет, ал 725 көше аптасына бір рет тазаланады.


Ай сайын қаладан 1950–2200 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылып, арнайы полигонға жеткізіледі.

Қала әкімдігі алдағы уақытта да көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастырып, Түркістанның жасыл келбетін сақтауға басымдық беретінін мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button