Басты жаңалықтар

Түркістанда 25 мыңға жуық бала шахмат үйірмесіне қатысады

Түркістан облысында шахматқа қызығушылық жыл сайын артып келеді.

Қазір өңірде 24 мыңнан астам оқушы шахмат үйірмелеріне тұрақты қатысып, зияткерлік спортпен айналысып жүр.

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту және балаларды жүйелі түрде спортқа тарту бағытындағы жұмыстар нәтижесін беріп келеді. Бүгінде өңірде 24 332 оқушы шахмат үйірмелерінде шеберлігін шыңдауда.


Шахмат – логикалық ойлау, талдау жасау, стратегиялық шешім қабылдау және жауапкершілікті қалыптастыратын зияткерлік ойын. Сондықтан бұл спорт түріне қызығушылық өңірде жылдан-жылға артып келеді.

Жас шахматшылардың шеберлігін арттыруға «Ұлттық мектеп лигасы» жарыстары да серпін беруде. Байқау оқушылардың өзара тәжірибе алмасуына және қабілетін шыңдауына мүмкіндік жасап келеді.


Айта кетейік, 20 шілде – Халықаралық шахмат күні. Бұл күн 1966 жылдан бері Халықаралық шахмат федерациясының бастамасымен аталып өтеді және шахматтың зияткерлік ойын ретіндегі маңызын насихаттауға арналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button