Басты жаңалықтар

Сөреде арзан, кассада қымбат

Алданып қалмаудың жолы қандай?

Бүгінде супермаркеттерде ең көп кездесетін заң бұзушылық – тауардың сөредегі бағасы мен кассадағы құнының сәйкес келмеуі. Дүкеншілер әдетте «бағаны ауыстырып үлгермедік» деп сылтау айтады. Бірақ бұл – сіздің мәселеңіз емес.

Заң не дейді?

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 24-бабына сәйкес, сатушы тауарды сөреде (витринада) қандай баға тұрса, дәл сол бағамен сатуға міндетті. Тұтынушының сол көрсетілген бағамен сатып алуға толық құқығы бар.

Дүкенге қандай айыппұл салынады?

Егер дүкен тауарды сөредегі бағадан қымбатқа өткізсе, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 193-бабы бойынша айыппұл арқалайды:

  • Шағын бизнеске – 6 АЕК
  • Орта бизнеске – 10 АЕК
  • Ірі бизнеске – 30 АЕК айыппұл салынады.

Құқығыңыз бұзылса не істеу керек?

Дәлел жинаңыз. Сөредегі бағаны суретке немесе видеоға түсіріп алыңыз. Касса чегін сақтап қойыңыз. Әкімшіні шақырыңыз. Заң бойынша тауарды сөредегі бағамен сатып алуды талап етіңіз. Арыз жазыңыз. Егер дүкен баға айырмашылығын қайтарудан бас тартса немесе сөреде баға мүлдем көрсетілмесе, Түркістан облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласыңыз.

  • Жедел желі телефондары:
    • +7 771 322 8282
    • +7 700 606 0071
    • +7 775 224 5616
    • +7 707 347 3876
  • Өтініш беру: «Е-otinish» жүйесі арқылы немесе Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32-көше, 16-ғимарат, А корпусы, 427-кабинет мекенжайына жазбаша жолдаңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button