Басты жаңалықтар

Таудағы тартыс: Сайрам-Өгемде 700-ге жуық жүгіруші бақ сынады

Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Sairam-Su Trail 2026 халықаралық тау жарысы өтті.

Спорттық додаға 700-ге жуық кәсіби спортшы мен әуесқой жүгіруші қатысып, 5 және 8 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынады.

Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен, Орталық Азия және ТМД елдерінен, сондай-ақ АҚШ-тан келген қатысушылар жиналды. Олар таулы аймақта белгіленген бағыттармен жүгіріп, өз мүмкіндіктерін сынады.

Іс-шараға AI SPORT жобасы қолдау көрсетті. Жарыс кәсіби спортшылар мен әуесқой жүгірушілерді бір алаңға жинап, таулы аймақта жүгіруге қызығатын қатысушылардың басын қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button