Басты жаңалықтар
Заманауи шекара бекеті
Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекеті биыл пайдалануға беріледі.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев құрылыс барысын барып көріп, жұмыстың сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Құны 11,6 млрд теңге болатын жаңа кеден бекеті іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар және көлік ағынын өткізу мүмкіндігі едәуір артады. Алты жолақты нысан тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты қабылдай алады.

Қайта салынған ғимараттардың аумағы бұрынғыдан екі есеге жуық кеңейтілген. Бұл шекаралық және кедендік рәсімдерді жеделдетіп, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Құрылыс 2025 жылдың мамырында басталған. Қазір инженерлік желілер толық аяқталып, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



