Басты жаңалықтар

Азияны мойындатқан қазақ

Түркістандық балуан Бекасыл Асамбек Тайландтың Паттайя қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен Азия чемпионатында топ жарып, 60 келі салмақта алтын медаль иеленді.


Жас спортшы жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, құрлық чемпионы атанды. Елге оралған жеңімпазды Түркістан халықаралық әуежайында спорт басшылары, бапкерлері, жақындары мен жанкүйерлері құрметпен қарсы алды.


Салтанатты рәсімде жас чемпионға алғыс айтылып, алдағы
Словакияда өтетін әлем чемпионатында көк Туды биіктен көрсетуге тілек білдірілді.

Бекасыл Асамбек – Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы. Оның бұл жеңісі – қажырлы дайындық пен табанды еңбектің айқын жемісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button