«Әкім қабылдамады» деген ақпарат рас па? Арыстағы жағдайдың мән-жайы анықталды
Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің Арыс қаласына сапары кезінде тұрғындардың қабылдауға кіре алмағаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

Облыс әкімінің қабылдауында болған азаматшалар өздерін толғандырған мәселелерін тікелей жеткізген. Кездесу 21 минутқа созылған. Қабылдаудың болғанын растайтын бейнежазба да бар.
Кездесу барысында тұрғындардың баспана мәселесі көтерілген. Оларға тұрғын үй мәселесі бір ғана қабылдауда бірден шешілмейтіні түсіндірілген. Мұндай мәселелер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, белгіленген талаптар мен кезек тәртібі бойынша қаралады.
Осыған қарамастан, әлеуметтік желіде тұрғындар әкімнің қабылдауына кіре алмағаны туралы ақпарат тараған. Бұл жағдай әлеуметтік желідегі ақпарат пен нақты болған оқиғаның арасында айырмашылық бар екенін көрсетеді.
Сондықтан мұндай мәселелерге баға беруде расталмаған жазбаларға емес, нақты дерек пен ресми мәліметке сүйенген жөн. Өйткені шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тұрғындарды негізсіз алаңдатып, қоғамда түсініспеушілік туғызуы мүмкін.



