Басты жаңалықтар

Жылына 2 миллион көшет

Түркістанда жылына 2 миллионға жуық ағаш пен гүл көшетін өсіретін жаңа заманауи тұқымбақ іске қосылды.


Жалпы аумағы 10 гектар болатын нысан толық қуатына шыққанда жыл сайын 1 миллион жапырақты ағаш, 50 мың қылқанжапырақты ағаш, 700 мың біржылдық гүл және 100 мың көпжылдық гүл өсіріледі. Бұл көшеттер Түркістан қаласы мен облыстағы саябақтар, көшелер және қоғамдық орындарды көгалдандыруға пайдаланылады.


Жоба «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы құны – 400 миллион теңге. Алдағы уақытта тұқымбақтың жылыжайлары кеңейтіліп, зертхана, жол, газ және ауыз су инфрақұрылымы салынады.


Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әр тұрғынды өз ауласына ағаш отырғызуға шақырып, көгалдандыру жұмыстарының арқасында соңғы жылдары Түркістанның микроклиматы оң өзгергенін атап өтті.


Биыл Түркістан облысында 1 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button