Басты жаңалықтар

Түркістанда үшінші бауыр трансплантациясы сәтті өтті

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында өңірде үшінші рет бауыр трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды turkistanlife.kz


Операцияны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор Болатбек Баймаханов пен орталықтың жоғары білікті мамандары жүргізді.

41 жастағы науқас бауыр циррозы мен бірнеше ауыр асқынулармен ауруханаға түсті. Жағдайының нашарлауына байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болып табылды. Донор ретінде науқастың 20 жастағы туған қарындасы толық тексеруден өтті.


Облыстың білікті дәрігерлері күрделі медициналық оталардың сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл – жергілікті медицина сапасының жаңа деңгейге көтерілгенін айқын дәлелі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button