Басты жаңалықтар

Үйіңіздегі «жасырын ажал»

Түркістанда ондаған адамды жалмаған сұмдық статистика жарияланды

Түркістан облысында тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселесі басты бас ауруына айналып отыр. Соңғы үш жылдағы көрсеткіштер қайғылы оқиғалар санының азаймай тұрғанын көрсетті. Өңірдегі жауапты мамандар шұғыл брифинг өткізіп, тұрғындарға ескерту жасады.

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Асқар Шипековтің айтуынша, облыстағы жағдай ушығып тұр.

Сандар сөйлесін:

  • 2024 жылы: 110 оқиға тіркеліп, 245 адам зардап шеккен (20 адам қайтыс болды).
  • 2025 жылы: 112 оқиға тіркеліп, 284 адам зардап шеккен (17 адам көз жұмды).

Түркістан облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелханов биыл улы газдан улану жағдайларының күрт көбейіп кеткенін ашық айтты.

Мамандардың сөзінше, 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үйлерде 96 өрт оқиғасыорын алған. Келген материалдық шығын көлемі — 139 млн 440 мың теңге. Өрт салдарынан 8 адам жарақат алып, 18 адам қаза тапқан.

Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйдегі өрт саны 51%-ға, ал материалдық шығын 44%-ға азайған.

Өңірде әлеуметтік осал топтарға жататын халықтың есепке алынған 34 197 тұрғын үйі бар. Жылыту маусымында бұл үйлер толығымен араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, қауіпсіздікті күшейту үшін биыл бұл үйлерге 8 449 дана арнайы қорғаныс құрылғысы (датчиктер)орнатылды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы 801 елді мекеннің 606-сы табиғи газбен қамтылған (бұл туралы Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков мәлімдеді). Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 640-қа жеткізу көзделіп отыр.

Алайда, үйіне «көгілдір отын» кірген әрбір азамат қауіпсіздік ережесін сақтамаса, жайлылықтың соңы қайғыға ұласуы мүмкін екенін ұмытпауы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button