
Алдағы күндері аптап ыстық еліміздің бір ғана оңтүстігін емес, бірнеше өңірін қамтиды. Синоптиктердің болжамынша, 16-18 маусым аралығында Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі.
Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де күн +35…+38 градусқа дейін ысиды. Кей аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, тіпті бұршақ түсуі мүмкін.
Қысқасы, бір өңір аптаппен алысып жатса, енді бірінде нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі.



