Басты жаңалықтар

Шымкентке сабылу аяқталды

Арыс тұрғындарының зарықтырған тілегі қалай орындалды?

Арыс аудандық орталық ауруханасында халық көптен күткен жоғары технологиялы компьютерлік томография (КТ) аппараты ресми түрде іске қосылды.

Бұған дейін тұрғындардың облыс және қала әкімдерімен өткен кездесулерінде бірнеше рет көтерілген бұл мәселе облыстық бюджеттің қолдауымен шешімін тауып, арыстықтардың өтініші орындалды. Жаңа медициналық нысанның алғашқы жұмысымен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев пен Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев арнайы барып танысты.

Іске қосылған заманауи аппарат 160 тілімді кескін алу мүмкіндігіне ие, бұл зерттеу нәтижелерінің барынша жоғары дәлдігі мен сапасын қамтамасыз етеді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл құрылғы өкпе, бауыр, ұйқы безінің қатерлі ісіктерін, іш қуысы патологияларын, мидағы қан кету мен сүйек зақымдануын нақты анықтауға жол ашады. Сонымен қатар, мұнда ісіктер мен қан ұйығыштарын ең ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін контрастты зерттеу әдісі де қарастырылған. Жаңа КТ қызметі тұрғындарға МӘМС жүйесі аясында тегін және ақылы негізде көрсетіледі, ал инсульт пен ауыр жарақат секілді шұғыл жағдайларда науқастардың сақтандыру мәртебесіне қарамастан тәулік бойы жедел әрі мүлдем тегін көмек беріледі.

Енді арыстықтар сапалы диагностика үшін Шымкентке немесе өзге өңірлерге сабылмай, өз қаласында емделе алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button