Басты жаңалықтар

Бұл театрда диагноз емес, талант маңызды

Түркістандағы ерекше балалардың өнер ордасы тағы бір қуанышты сәтті бастан өткерді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Дара ұрпақ» инклюзивті театрына барып, жас өнерпаздардың шығармашылығымен танысты.


Кездесу барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Театр ұжымына қолдау білдірген облыс әкімі заманауи музыкалық аппаратура сыйға тартты.


Бүгінде театрда Даун синдромы, аутизм, церебралды сал ауруы және басқа да ерекше қажеттілігі бар 100-ге жуық бала өнермен айналысады. Мұнда олар актерлік шеберлік, вокал, би өнерін меңгеріп қана қоймай, кәсіби мамандардан қажетті қолдау алады.


Түркістан облысындағы тұңғыш инклюзивті театрдың алдағы жоспары да ауқымды. Ұжым өңірлерге гастрольдік сапар ұйымдастырып, ерекше балалардан құралған Қазақстандағы алғашқы оркестрді құруды көздеп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button