Басты жаңалықтар
«Бастықпын» деп хабарласса, сене бермеңіз: Қазақстанда алаяқтардың жаңа айласы шықты

«Жедел ақша жіберші» Осындай хабарлама танысыңыздан емес, алаяқтан келуі мүмкін.
Соңғы уақытта қаскөйлер күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдаланып, жалған аккаунттар ашып жатыр. Олар мессенджерлерде өзін лауазымды тұлға, әріптес немесе таныс адам ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен ақша аударуды сұрайды.
ІІМ азаматтарды мұндай хабарламаларға бірден сенбеуге шақырады. Ешкімге SMS-кодты, банк картасының деректерін немесе құпиясөзді бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпаратты міндетті түрде өзіңіз білетін нөмір арқылы тексеріңіз.



