Басты жаңалықтар

Түркістанда үшем дүниеге келді

Дүниеге келген сәбидің үшеуі де қыз.

Түркістан облыстық №2 перинаталдық орталығында жүктіліктің 32 аптасында үшем өмірге келді. Оларға Сафия, Садия және Самия есімдері берілген.

Дәрігерлер анасына кесарь тілігі арқылы ота жасап, сәбилерді аман-есен босандырып алды. Нәрестелердің туған кездегі салмақтары 1775, 1990 және 1850 грамм болған.


Үшемдердің анасы — Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының тұрғыны, 38 жастағы Турсунай Оринбаева. Ол дефектолог-логопед болып жұмыс істейді. Әкесі Мамуржан Оринбаев — еңбек пәнінің мұғалімі. Отбасында бұған дейін екі қыз бен бір ұл тәрбиеленіп жатыр.

Анасының айтуынша, жүктіліктің 14 аптасында дәрігерлер ультрадыбыстық тексеру кезінде үшем күтіп отырғанын хабарлаған. Бұл жаңалық отбасы үшін ерекше қуаныш болған.

Мерзімінен бұрын туған сәбилер 22 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті ем қабылдаған. Кейін үйлеріне 2 келіге жуық салмақпен шығарылды.

Қазір ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, биыл орталықта дүниеге келген алғашқы үшем осы. Ал жыл басынан бері мұнда 1810 нәресте туған, оның ішінде 35 егіз тіркелген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button