Басты жаңалықтар

50 мыңнан астам адам жұмылдырылған «Асарлату» акциясы: Түркістанда жүздеген тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Түркістан облысында ауқымды «Асарлату» іс-шарасы ұйымдастырылып, 50 мыңнан астам тұрғын табиғатты тазартуға үлес қосты.

Асар дәстүрі арқылы халықты ортақ іске жұмылдырған бұл бастама барысында арық-атыздар мен суару каналдары қоқыстан тазартылып, су арналарының кедергісіз ағып өтуі қамтамасыз етілді.  

Экологиялық акцияның нақты көрсеткіштері:

• Қатысушылар саны: 50 283 адам және 249 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.  

• Қоқыс мөлшері: Барлығы 384,5 тонна қоқыс шығарылып, 448,9 гектар аумақ ретке келтірілді.  

• Арықтар мен көгалдандыру: 215,7 шақырым арық тазаланып, 1 150 жас ағаш егілді және 6 206 ағаш әктелді.  

Бұл игі бастама өңірдегі санитарлық жағдайды жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға және қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button