Басты жаңалықтар

Атақты брендтер жолда қалады

Ордабасылықтар әлемді немен таңғалдырып жатыр?

Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында орналасқан «Ray Textile» өндірістік цехы ауданның экономикалық әлеуетін арттырып, жергілікті өндірістің дамуына серпін беріп келеді. Осыған орай, аудан әкімі Азат Оралбаев кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндіріс орнын аралады. Бүгінде кәсіпорында 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Цехта көрпе-төсек пен жастықтар тігіліп, мақта өнімдері өндіріледі. Өндірілген тауарлар еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтіліп, тұтынушылар сұранысына ие болып отыр. Сондай-ақ, кәсіпорын Қытай, Түркия және Иран мемлекеттерімен тікелей байланыс орнатып, халықаралық деңгейде әріптестік қатынастарды дамытып келеді. Бұдан бөлек, балабақшалардан арнайы тапсырыстар қабылдап, әлеуметтік мекемелерді қажетті өнімдермен қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында аудан әкімі мұндай өндіріс орындарының өңір экономикасын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорындар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, шағын және орта бизнестің дамуына да оң ықпал етеді. Сонымен қатар, отандық өнім көлемін арттыру арқылы ішкі нарықты сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын басшысы Ерғали Айдарұлы аудан әкіміне алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа құрал-жабдықтар алатындығын жеткізді. Сонымен қатар, өнім сапасын арттырып, экспорт көлемін көбейту бағытында жұмыстар жүргізілмек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button