Басты жаңалықтар

85 мыңнан 150 мыңға дейін өседі дейді… рас па?

Үкіметте ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі айтылды.

Шәй үстінде жиі айтылатын әңгіме — жалақы қашан өседі? Енді бұл тақырып тағы да қыза түсті.

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің сөзінше, қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Ал халықаралық тәжірибеде ол медиандық табыстың шамамен 50 пайызы деңгейінде есептеледі.

Қазақстандағы орташа жалақы 302 мың теңге шамасында. Осы есепке сүйенсек, ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру идеясы қарастырылуда.

Бірақ нақты шешім жоқ. Бәрі бюджетке тіреліп тұр.

Вице-министрдің айтуынша, егер кіріс жоспарға сай өссе, жалақыны көтеруге мүмкіндік пайда болуы мүмкін.

150 мың — қазір жалақы емес, көбіне әңгіме деңгейінде .

Ал әзірге нақтысы біреу-ақ:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы — 85 000 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button