Сауранда «Жібек жолының жауһары» атты республикалық ақындар айтысы өтті
Сауран ауданының 5 жылдығына орай «Жібек жолының жауһары» республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

Түркістан облысы әкімдігі мен «Аманат» партиясының қолдауымен өткізіліп, қазақтың айтыс өнерін насихаттаушы Бекарыс Шойбековтың 50 жас мерейтойына орай ат мінгізу рәсімі де өткізілді, деп хабарлайды turksitanlife.kz

Айтысқа еліміздің әр аймағынан келген танымал ақындар қатысты. ҚР мәдениет саласының үздігі Бекмұрат Анарбаев, айтыскер ақын, халықаралық және республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бөрібай Оразымбет, ақын әрі ҚР журналистер одағының мүшесі Ләззат Сарыбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаева, ҚР мәдениет саласының үздігі Қарима Орал және ақын Мұқағали Кенжетайұлы әділқазылар алқасында болды.

Нәтижесінде бас жүлдеге Түркістан қаласынан қатысқан Аян Ниязбек ие болды. Жүлделі 1-орынға Батыс Қазақстаннан келген Жансая Мусина иеленсе, 2-орынға саурандық Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Ал, 3-орын Қызылорда облысынан қатысқан Бексұлтан Орынбасар, түркістандық Ахметрасул Баянбай мен Нұрлыбек Мейірмановқа табысталды.



