Басты жаңалықтар

Созақтан шыққан жас талант Парижді бағындырды

Париж қаласында өткен XXXVI «Париж жұлдыздары» халықаралық өнер байқауы өз мәресіне жетті. Жарысқа қатысқан Созақ ауданының жас өнерпазы Ерман Рүстемұлы өзінің ерекше дарыны мен шеберлігін паш етіп, жоғары бағалауға ие болды. Нәтижесінде, талантты жас байқаудың І орын жүлдегері атанды, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Осылайша жас өнерпаз еліміздің атынан сынға түсіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.

Жас өнерпазды аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қабылдап, оның шығармашылық жетістіктеріне жоғары баға берді. Кездесу барысында аймақ басшысы оқушының өнерін тамашалап, алдағы шығармашылық жолына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, еркін форматта пікір алмасу өтіп, жас талантқа сый-сияпат табысталды.

Айта кетейік, «Созақ» мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы республикалық және халықаралық байқауларда табысты өнер көрсетіп келеді. Ол бұған дейін «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған «ART BAYTEREK» шығармашылық байқауына қатысып, бас жүлдені иеленген болатын. Бұл жеңіс оған халықаралық байқауға қатысуға жол ашқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button