Агросалаға жаңа серпін: Түркістанға Германиялық сарапшы келді
Германиялық сарапшы Людвиг Вресманн «Сапа 2002» ЖШС-де жергілікті кәсіпкерлерге заманауи агротехнологияларды үйретіп, өндірісті жаңғыртуға атсалысуда.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында халықаралық әріптестік күшейіп келеді. Өңірге Германиядан тәжірибелі инженер, SES сарапшысы Людвиг Вресманн арнайы шақырылып, агросаланы жаңғыртуға атсалысуда,деп хабарлайды turkistanlife.kz

«Сапа 2002» ЖШС алқабында сарапшы кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибе бөлісті. Халықаралық деңгейдегі сарапшының қатысуы кәсіпорынның аграрлық өндіріс тиімділігін арттыруға, заманауи технологияларды енгізуге және егін өнімділігін көтеруге зор мүмкіндік береді. Людвиг Вресманн ауыл шаруашылығы саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісіп, жергілікті мамандарға практикалық кеңестер беруде.

Бұл бастама өңірдегі агробизнес саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадамдардың бірі. Шетелдік сарапшыларды тарту арқылы кәсіпорындар өндірістік процестерін жетілдіріп, халықаралық стандарттарға сай дамуға жол ашады.

Айта кетейік, «Сапа 2002» ЖШС басшылығы алдағы уақытта өндірісті әртараптандыруды көздеп отыр. Атап айтқанда, кәсіпкер ет өңдеу және өсімдік майын өндіру цехтарын дамыту үшін де шетелдік білікті мамандарды шақыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл өз кезегінде өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.



