Түркістанда «TURAN CUP-2026» халықаралық турнирі өтті

Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында футболдан «TURAN CUP-2026» халықаралық турнирінің II кезеңі өтті. Дәстүрлі жарысқа 2014-2017 жылдары туған жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Турнир барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты ойын көрсетті. Жас футболшылардың шеберлігі мен командалық үйлесімі көрермендерге қызықты сәттер сыйлады.

Жарыс жеңімпаздарын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов құттықтап, арнайы марапаттар табыстады.
Қорытынды бойынша, 2015 жылы туған жасөспірімдер арасында Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы чемпион атанса, 2017 жылғы ойыншылар санатында Алматы қаласының «Жейран» командасы бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, «TURAN CUP-2026» турнирі жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, шеберлігін арттыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жарыс өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.



