Басты жаңалықтар
Жедел жәрдемнің шапшаңдығы тағы бір өмірді сақтап қалды

Бәйдібек ауданындағы №42 жедел жәрдем бригадасы Түйетас ауылында бір жасар қыз баланың өмірін өлімнен арашалап қалды. Сәбидің тамағына кәмпит тұрып қалып, тынысы тоқтаған сәтте дәрігерлер шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Нәтижесінде баланың тыныс алу жолындағы зат алынып, тынысы қайта қалпына келтірілген, деп хабарлайды turkistanlife.kz
Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Бұл оқиға – адам өмірін сақтап қалуда жедел жәрдем қызметкерлерінің шапшаңдығы мен біліктілігінің қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Мамандар ата-аналарға кішкентай балаларға қатты немесе ұсақ тағамдарды бергенде аса мұқият болуды, сондай-ақ төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеріп жүруді ескертеді.

