Басты жаңалықтар

Байлық салығы кімдерге салынады?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі жұмыс істей бастады. Бұл жолы мемлекет қымбат көлік мінетіндер мен зиянды әдеттерге әуес жандардың қалтасына салмақ. Түркістан облысының Салық департаменті жаңа акциздердің мөлшерін жариялады, деп хабарлайды turkistanlife.kz.

Бұл қандай салық?

Егер сіздің мінген көлігіңіздің құны 66 миллион теңгеден (18 000 АЕК) асса немесе жеке кемеңіз бен ұшағыңыз болса, енді мемлекетке қосымша акциз төлейсіз. Бұл қымбат дүниесі барларға арналған арнайы төлем. Сондай-ақ арақ-шарап, сыра және темекі өнімдерінің салығы тағы өсті. Бұл дегеніміз, дүкен сөрелеріндегі алкоголь мен темекі бағасының қымбаттауына тікелей әсер етеді.

Ал 1 ақпаннан бастап таңбасы (арнайы коды) жоқ сыраларды шығаруға және сырттан әкелуге тыйым салынды. Бұл көлеңкелі сауданы құрықтаудың амалы дейді сала өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button