Басты жаңалықтар

Түркістанда 2026 жылғы жол жөндеу науқаны басталды

Түркістан қаласында көлік инфрақұрылымын жаңғырту және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстар қолға алынды. Биылғы жоспар аясында шаһардың негізгі көшелері мен әлеуметтік маңызы бар жолдарда ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілмек, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындар мен қала қонақтары үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс ортасын қалыптастыру.
Жөндеу барысында жол жамылғысындағы жарықтар, шұңқырлар мен ойықтар қалпына келтіріліп, асфальт-бетон жабынының сапасы жақсартылады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен қаланың орталық көшелері қамтылады. Сонымен қатар қоғамдық көлік қатынайтын негізгі бағыттарда жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады. Бұдан кейін секторлар бойынша ішкі көшелерде жөндеу жұмыстары жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button