Басты жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жаңа Конституция жобасын талқыланды

Елордадағы Достық үйінде еліміздің негізгі заңының жобасын талқылауға арналған «Жаңа Конституция – әділетті және прогрессивті Қазақстанның іргетасы» атты жалпыреспубликалық форум болып өтті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық құрылымдар мен Достық үйлерінің басшылары қатысты.

Ауқымды іс-шараға Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э. Жанғазиева бастаған өңірлік Ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдері онлайн форматта қосылды.


Форумның басты мақсаты — Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылау және оның мемлекеттің демократиялық дамуындағы рөлін айқындау. Қатысушылар ата заңның жаңартылған нұсқасы қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және елдің прогрессивті дамуына жол ашатын басты құжат екенін атап өтті.

Жиын барысында Жаңа Конституцияның еліміздің болашағын айқындаудағы стратегиялық маңызына ерекше екпін берілді. Сондай-ақ, қоғамдық келісім мен бірлікті сақтай отырып, ортақ мақсатқа жету жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы сөз болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button