Басты жаңалықтар

Қазақстан мен Мажарстан матчы Түркістанда өтеді

Түркістан қаласы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қатысуымен өтетін халықаралық деңгейдегі маңызды матчты қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен Мажарстан футбол федерациясы арасындағы келісім нәтижесінде, 2026 жылдың 9 маусымында жолдастық кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл матчтың басты ерекшелігі ұлттық құрамамыз өз тарихында тұңғыш рет «Түркістан Арена» стадионында бақ сынайды.

Қазақстан мен Мажарстан құрамалары осыған дейін жасыл алаңда екі мәрте жүздескен. Өзара статистикаға сүйенсек, таразы басы тең.

Сондықтан, Түркістанда өтетін үшінші кездесу тек жолдастық матч қана емес, қос команда арасындағы басымдықты анықтайтын маңызды ойын болмақ.

Айта кетейік, «Түркістан Арена» стадионы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Киелі шаһарда өтетін бұл тарихи матч өңірдегі футболдың дамуына жаңа серпін беріп, жанкүйерлер үшін ұмытылмас мерекеге айналатыны сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button