Түркістан облысы: Өндіріс орындарында жұмысшыларды қолдау бағытындағы шаралар күшейтілді

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында кешенді жұмыстар басталды. Негізгі басымдық — жалақы қарыздарын өтеу, бос жұмыс орындарын тиімді үйлестіру және мансап орталықтары арқылы азаматтарды жұмыспен қамту тетіктерін іске қосу, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Сонымен қатар тұрақты жұмыс орындарын көбейту және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бірқатар кәсіпорындармен өзара серіктестік туралы меморандумдар түзілді. Атап айтқанда, Түлкібас, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы аудандарындағы мансап орталықтары ЖШС-лар мен кәсіпорындармен меморандумдар жасады.

Аталған меморандумдар жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға, еңбек нарығындағы өзара серіктестікті нығайтуға және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.



