Басты жаңалықтар

Түркістандық таеквондошылар ел чемпионатында 11 медаль иеленді

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» заманауи спорт кешенінде таеквондодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды turkistanlife.kz

Елдің түкпір-түкпірінен келген 709 спортшы қатысқан дода тартысты жекпе-жектермен ерекшеленді. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары 5 алтын, 4 күміс және 2 қола, барлығы 11 медаль иеленіп, өңір намысын абыроймен қорғады.

Жарыс нәтижесі бойынша алтын медальді Шахризада Акрамова (42 кг), Сұлу Абибулла (46 кг), Балгерім Өтеген (68 кг), Бекзат Ғазиз (78 кг) және Аманай Құралбаев (+78 кг) иеленсе, күміс жүлде Нұрислам Төлепбергенов (45 кг), Жаншуақ Нәлібай (59 кг), Нұрсәт Құттыбай (68 кг), Маханбетәлі Бекбауға (78 кг) бұйырды. Қола жүлдегерлер қатарында Нұрай Сейдазова (44 кг) мен Бегжан Жанболат (45 кг) бар.

Айта кетейік, осы чемпионатта алтын тұғырдан көрінген жеңімпаздар сәуір айында Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайтын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button