Басты жаңалықтар
Түркістанда Ясауи іліміне арналған республикалық конференция өтті

Түркістан қаласында «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: толық адам және адал қоғам» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға облыс басшылығы, құқық қорғау органдары, депутаттар, басқарма өкілдері, дін саласының мамандары, зиялы қауым және жастар қатысты.
Конференцияда Бас мүфти Наурызбай Өтпенов, профессор Досай Кенжетай, теолог-ғалым Мұхитдин Исаұлы және басқа да баяндамашылар Ясауи мұрасының қазіргі қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісті. Жиында «Толық адам» концепциясы, рухани құндылықтар мен адал қоғам қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар Ясауи еңбектерін зерттеу мен насихаттауды жалғастырудың маңызын атап өтті.



