Басты жаңалықтар

Мақтаарал ауданында 64-ауыл газға қосылды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Нәтижесінде ауданның 64-ші ауылы көгілдір отынға қосылып, газбен қамтылу деңгейі 94,1 пайызға жетті. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Осы оқиғаға байланысты Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жантақсай ауылына аудан әкімі Бақыт Асанов барып, тұрғындарды құттықтады. Ол газ тарту – әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, биыл Мақтаарал ауданын толық табиғи газбен қамту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар облыстық және республикалық бағдарламалар аясында жалғасады.

Жергілікті тұрғындар көптен күткен газдың қосылуына қуанып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғыс білдірді. Табиғи газдың келуі тұрмыс жағдайын жақсартуға, экологияға және әлеуметтік ортаға оң әсер етеді деп күтіледі.

Сонымен бірге төтенше жағдайлар қызметі мен газ инспекциясының мамандары ауылды аралап, қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button