АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы

Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың

сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін

https://turkistanlife.kz интернет-алаңын ұсынудың жалпы

шарттары, тəртібі жəне ақы мөлшері туралы

 

«Kozildirik Media» жеке кəсіпкерлігіне тиесілі

https://turkistanlife.kz интернет-басылымы (бұдан əрі – Сайт)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан

Республикасының Конституциялық заңына сəйкес, 2026 жылғы 23

тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы

депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлауалды үгіт

материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңын ұсынудың

шарттары, тəртібі жəне ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Сайлауалды үгіт жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде күні сағат

18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады.

Осыған байланысты сайлауалды үгіт материалдары Сайтта Қазақстан

Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімдерде ғана

орналастырылады.

Интернет-алаңы саяси партияның жазбаша өтініші жəне Сайт

иесі мен саяси партияның уəкілетті өкілі арасында жасалған шарт

негізінде ұсынылады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастырумерзімі, саны жəне өзге де талаптар саяси партияның жазбаша

өтінішінде көрсетіліп, шартта бекітіледі.

Келіп түскен жазбаша өтініштер олардың түсу кезектілігі

бойынша тіркеледі. Əрбір өтінішке тіркелген күні мен уақыты

көрсетілген тіркеу нөмірі беріледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:

1. 2. 3. 4. Саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;

Өкілдің жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі;

Шарт жасасуға қажетті өзге де құжаттар.

Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің

келіп түсу ретіне қарай айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш

келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе

өткізу тəртібін Сайт иесі белгілейді.

Ұсынылатын үгіт материалдары Қазақстан Республикасы

заңнамасында көзделген міндетті мəліметтерді, оның ішінде

қаржыландыру көзі жəне материалды ұсынған тұлға туралы ақпаратты

қамтуға тиіс.

Саяси партиялар ұсынылған материалдардың мазмұнына жəне

олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде

авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнаманың

талаптарына сəйкестігіне дербес жауапты болады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, осы ақпараттық

хабарлама шарттары немесе жасалған шарт талаптары бұзылған

жағдайда, Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе

анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын

тоқтата тұруға құқылы.

Егер материалдарда төмендегілер қамтылса, Сайт оларды

орналастырудан бас тартуға құқылы: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын

күшпен өзгертуге шақырулар;

мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған

əрекеттер;

ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ақпарат;

əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік, діни, таптық немесе өзге де

алауыздықты қоздыру;

соғысты, зорлық-зомбылықты немесе қатыгездікті насихаттау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған

мəліметтер;

азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе саяси партиялардың

ар-намысына, қадір-қасиетіне жəне іскерлік беделіне нұқсан

келтіретін ақпарат.

Интернет-алаңын ұсыну шарттары мен тəртібі Қазақстан

Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген жағдайда немесе

уəкілетті мемлекеттік органдардың талабы бойынша өзгертілуі мүмкін.

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны

Сайтта орналастыру:

Орналастыру орны: басты бет, жаңалықтар таспасы.

Көлемі: 5 000 таңбаға дейін (5 фотосуреттен жəне 1 бейнематериалдан

артық емес).

Құны — 300 000 теңге.

Əлеуметтік желілерде орналастыру:

Дайын материалды жариялау — 50 000 теңге;

Ұзақтығы 90 секундқа дейінгі бейнероликті түсіру жəне оны

сайтта əрі əлеуметтік желілерде жариялау — 200 000 теңге;

Подкаст түсіру (монтаждау жəне өңдеуді қоса алғанда) — 250 000

теңге; Арнайы репортаж — критерийлеріне қарай 50 000 теңгеден

бастап.

Орналастыру құнына қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілмейді, өйткені

жарнама таратушы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің

талаптарына сəйкес ҚҚС төлеуші болып табылмайды.

Байланыс телефоны: +7 775 080 3187

Back to top button